|
14.01.2022 | 17:01
858

Мемлекет басшысы жаңа үкімет құру кезінде көп мәселенің бетін ашты – Атамұрат Шамен

Мемлекет басшысы жаңа үкімет құру кезінде көп мәселенің бетін ашты – Атамұрат Шамен Фото: ашық дереккөзден

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкіметті құру кезінде көп мәселенің бетін ашты». Осылай деген экономист Атамұрат Шамен Президент үндеуіне қолдау көрсетіп, алдағы жоспарлар мен бағдарламалардың оң нәтиже беретініне сенім білдіретінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматыда болып өткен қантөгіс адамның жанын ауыртады. Енді бұрынғыдай ескі сарынмен жүре бермей, өзімізді өзіміз мадақтап, «бәрі керемет»  деген сөзден аулақ болып, халықтың мұңын, халыққа қажетті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жаңаша тұрғыдан шешу керек. Егемендігіміздің есігі, Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі – Алматы шайқалғандай болды. Енді халықтың жағдайын басқаша көзқараспен қарау керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметті құру кезінде көп мәселенің бетін ашты. Сондықтан жаңа үкімет жұмыс істеуі тиіс. Ең басты мәселе және ең басты өлшем бұрынғыша макроэкономикалық цифрлар мен өлшемдер емес, адами экономика болуы керек. Адамның жағдайын өлшеуіміз керек.  Жетістіктеріміз осындай деп мақтау сөздерін ысырып, өмірімізді жаңа парақтан бастау қажет», – дейді Атамұрат Шамен.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир