|
14.01.2022 | 17:43
4080

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде өрт сөндіру қызметінің 8 жұмысшысы зардап шекті

Лаңкестер сондай-ақ, 18 арнайы техниканы бүлдіріп, 6-уын басып алып, 5-уін өртеп жіберген

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде өрт сөндіру қызметінің 8 жұмысшысы зардап шекті Almaty.tv

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде өрт сөндіру қызметінің 8 жұмысшысы жапа шеккен. Оның бірі өрт сөндіру көлігін бүлікшілерден қайтарып алмақ болғанда оққа ұшып, қолы жараланыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал қала тыныштығына қызмет ету барысында террористер 18 арнайы техниканы бүлдіріп, 6-уын басып алып, 5-уін өртеп жіберген. Осы дүрбелең кезінде Алматы әкімдігіне аттанған Төтенше жағдай департаментінің басшысы отырған көлікке де оқ атылыпты.     

«6 қаңтар күні кешкі сағат 19:30 шамасында біз жедел штабтың шақыртуымен Алматы әкімдігіне төтенше жағдайлық тексеру жұмыстары бойынша барған болатынбыз. Сәтпаев пен Фурманов көшесінің қиылысында белгісіз біреулер оқ ата бастады. Қазір санап қарасам, көлігімізге алты оқ тиген екен», – деді Азаматтық қорғау қызметкері Серікбол Ахметқалиұлы.

Төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі көліктің сау тамтығы қалмаған. Болат оқтың көлікте отырған департамент басшысына тиіп кетуі әбден мүмкін еді. Абырой болғанда, қызметкерлер аман қалыпты. Ал аталмыш мекемеге тиеслі көлік енді тергеп-талдау жұмыстары үшін тұраққа қойылды.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир