АҚШ елшісі карантин кезінде қазақ тілін үйреніп жатыр

19.04.2020 21:49

Онлайн сабақтың видеосы елшіліктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды

Кадр видео в Instagram

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер карантин кезінде қазақ тілін үйреніп алғанды жөн көріпті, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі. Онлайн сабақтың видеосы елшіліктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын», - дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.