Отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты
Әлемге әйгілі бүркітші, отандасымыз Айшолпанның отбасы елге көшіп келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. Айшолпанның айтуынша өзі Қазақстанда, бір аптадай уақыт бұрын ата-анасы мен бауырлары елге көшіп келген.
- Өзім Алматыдағы С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын", - деді Айшолпан. Сондай-ақ отандасымыз бүркіт өнерін тастамағанын айтты. "Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. себебі оқудан қол тимейді, - дейді бүркітші қыз.
Оқи отырыңыз: Бүгінгі жұлдыз жорамал: 28 қаңтар күні сізді не күтіп тұр