2 қараша сот үкімі шықты
Батыс Қазақстанда экс-шенеунік, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айдана Қардашева 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Мой город басылымының хабарлауынша, 2019 жылы 28 жастағы шенеунік облыстық мәдениет басқармасының бас есепшісі болып тағайындалған. Басшылықтың бұйрығымен оған екінші қол қою құқығы берілген. Ол 2019-2021 жылдар аралығында мекеме басшысының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, банктегі есепшотына 939 мың теңгені заңсыз аударған.
Белгілі болғандай, келіншек кінәсін мойындап, материалдық шығынды өтеген. Қазіргі таңда 10 жасар баласы бар, екінші баласына аяғы ауыр.
Экс-шенеунік кінәлі деп танылып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айрылды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Алайда сотталған әйелдің кішкентай баласы бар болуына байланысты сот үкімін үш жылға кейінге шегерді. 2 қараша сот үкімі шықты.