Биыл жұмыс істейтін азаматтардың 85 пайызының еңбек келісімшарты автоматтандырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, аталған іс-шаралардың арқасында жұмысқа орналасу процестерін жеңілдетуге, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізуге, кадрлық іс жүргізу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік туып отыр.
«Бүгінде 3,9 млн еңбек келісімшарты тіркелді. Ақпараттық жүйеге 150 мыңға жуық жұмыс беруші қосылды. Бұл барлық жұмыс істейтін азаматтардың 70 пайызын құрайды.Сонымен қатар бұл жүйе азаматтардың автоматты түрде электронды істерін қалыптастыруға және еңбек ресурстарын қажетті болжамдалуына мүмкіндік береді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.