Көкжайлауда жоғалып кеткен 4 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2 ақпанда сағат 17:30-да құтқару қызметіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісі, Көкжайлауда 4 адам жоғалып кетті деген хабарлама келген. Оқиға орнына Алматы қаласы Құтқару қызметінен құрамында 8 адам, іздеу итімен бірге 1 кинолог және Төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі РЖҚЖ 15 құтқарушы, іздестіру итімен бір кинолог жұмылдырылады. Іздестіру-құтқару жұмыстары аясында ұялы байланыс операторларының қол жетімді аймағында болған сәтте туристер байланысқа шығып, оларда бәрі жақсы екенін және көлбеу бағытта жүретін жол тапқанын айтады. Алайда кешкі уақыттағы қараңғылық пен тауға қардың жаууы іздестіру жұмыстарына қиындық келтірді. Туристердің жарақат алуы мүмкін екендігі ескере отырып, құтқарушылар 4 адамнан тұратын, 109 қызметінің бір тобын кездесуге жіберіп, оларды қауіпсіз жерге шығарып салуға шешім қабылданады.
Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2050 метр биіктікте «Просвещенец» шипажайы аймағында адасқандарды тауып, барлығының денсаулығын тексереді. Оларды бұлақ жанында күтіп тұрған көлікке дейін шығарып салады.
Іле Алатауының тауларындағы туристер адасып, қайғылы оқиғалар болды. Сол себепті Алматы қаласының құтқарушылары қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына қауіпсіздік талаптарын сақтап, тауға баратын уақытты алдын-ала жоспарлауларды сұрайды.