2022 жылы Қазақстанға қанша шетелдік келді
Depositphotos.com
Бірінші орында Ресей Федерациясының азаматтары
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2022 жылы Қазақстанға бес миллионнан аса шетелдік келген. Келгендердің жартысынан көбі Ресей азаматтары. Бұл туралы Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Биыл Қазақстанға бес миллионнан аса шетелдік келген. Бірінші орында Ресей Федерациясының азаматтары – 2 миллион 900 мың. Екінші орында Өзбекстан - 2 миллион 300 мың. Қырғызстан азаматтары - 730 мың. Тәжікстаннан 330 мыңнан аса адам. Ал 90 мыңға жуығы Түркия азаматы", - деді Аслан Аталықов.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Ал алты миллионға жуық адам елден кеткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37