Фотоальбомды шығарудағы мақсат – ішкі туризмді дамытып, тарихи маңызы бар аймақтарды ел назарына ұсыну
Алматыдағы Қазақстан Республиксының ұлттық кітапханасында «Мерейлі өлке – Мойынқұм» атты фотоальбомның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жинақта киелі мекеннің бүгінгі көрінісі мен көркем табиғаты топтастырылған. Салтанатты іс-шараға Қазақстан журналистер одағының мүшелері қатысты. Фотоальбомды шығарудағы мақсат – ішкі туризмді дамытып, тарихи маңызы бар аймақтарды ел назарына ұсыну, дейді туынды авторы.
«Кітап жайлы айтатын болсақ бұл енді «Елбасымыздың жеті қыры» бағдарламасына байланысты өз жеріңді өз тарихыңды тану, дәріптеу сол мақсатында. Біз енді мынау Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы облыстағы ең үлкен жер көлемінен ең үлкен аудан», – деді «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Самат Құсайын.