Үкімет жер телімін беруді кешіктірген жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартуды көздеп отыр. Бұл жөнінде Премьер-министр Әлихан Смайылов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үкімет басшысы жер қатынастарын сандық жүйеге көшіру инвестициялық ахуалға, сәйкесінше, жаңа бизнес жобаларды іске қосу мен жұмыс орындарын ашуға тікелей қатысты екенін айтты. Ол экономиканы одан әрі дамыту үшін маңызды деді. Премьер-министрдің айтуынша, талдау нәтижесінде әкімдіктер жүктеген цифрлық деректердің барлығы талапқа сай болмай шыққан.
Атап айтқанда, қолданыстағы бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзету енгізу қажет. Сонымен қатар, платформада өтінімді уақытылы қарамау және негізсіз бас тарту фактілері анықталған.
Оқи отырыңыз: Сенат бала құқығын қорғауға арналған заңды мақұлдады