Тұрғылықты мекенжайы бойынша кемсітушілікке ұшыраған адам сотқа жүгіне алады

Тұрғылықты мекенжайы бойынша кемсітушілікке ұшыраған адам сотқа жүгіне алады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрғылықты мекенжай бойынша дискриминацияға жол берілмейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Бағлан Жалпошов 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейтінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында қарым-қатынаста бәрі регламенттелген. Сонда жазылған жұмыс беруші жұмыскерден нақты құжаттарды сұрата алады. Ол бапта жазылған. Оның ішінде мекенжайға қатысты анықтама беру туралы құжат қарастырылмаған. Сондықтан да жұмыс беруші біреуді жұмысқа қабылдайтын кезде ондай құжатты талап етуге құқығы жоқ», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Бағлан ЖАЛПОШОВ.

Бағлан Жалпошов азамат мекенжай бойынша дискриминацияға ұшыраса, ол адам өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алатынын алға тартады. Ал егер бұрыннан қызмет етіп жүрген жұмысшыдан мекенжай анықтамасы қайта сұралған жағдайда ол жергілікті еңбек инспекциясына арыз түсіруге болады дейді министрлік өкілі. Ондай инспекциялардың барлығы әкімдіктердің жанында жұмыс істеп жатыр.

Новости партнеров