Сіздер үшін ең үлкен марапат – елдің ризашылығы
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев еріктілерге алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Халықаралық еріктілер күнінде жанашырлық танытып, көмегін көрсетуге асыққан жандарға алғыс айтқым келеді. Пандемияның алғашқы толқыны кезіндегідей қиын кезеңде көмек қолын созудан жалықпадыңыздар. Сіздер үшін ең үлкен марапат – елдің ризашылығы. Мейірімділік әлемді құтқарады», – деп жазады әкім.
Халықаралық еріктілер күнінде жанашырлық танытып, көмегін көрсетуге асыққан жандарға алғыс айтқым келеді. Пандемияның алғашқы толқыны кезіндегідей қиын кезеңде көмек қолын созудан жалықпадыңыздар. Сіздер үшін ең үлкен марапат — елдің ризашылығы. Мейірімділік әлемді құтқарады.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) December 5, 2020