БЖК-2025: Алматыда үлбірден жасалатын тақия өндірісі ашылды

БЖК-2025: Алматыда үлбірден жасалатын тақия өндірісі ашылды
Жеке кәсіпкердің айтуынша, Қазақстанда оны әзірлеудің баламасы жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бауыржан Аяқбаев ұлттық нақышта қысқы бас киімдер шығару өндірісіне 3,7 млн. теңге мөлшерінде инновациялық грант алды. Қаражат шағын және орта кәсіпкерліктің идеяларын дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеке кәсіпкердің айтуынша, Қазақстанда оны әзірлеудің баламасы жоқ. Бизнес-жоспар жасау кезінде ол маркетингтік зерттеулер жүргізді, бірақ нарықта мұндай бұйымдардың бары анықталмады. Оның үстіне, Бауыржанның өзі бірнеше жыл бойы шетелдіктер шығаратын қысқы бас киімдерді сатумен айналысты, сондықтан ол аталған өнімнің заманауи түрімен таныс.

«Қысқы ерлер бас киімін сата жүріп, бас киім шығаруды неге өзім байқап көрмеймін деген ойға келдім. Бұл ой маған маза бермеді, сөйтіп мен оның әртүрлі құрылымын, пішінін, үлгісін зерделей бастадым, арнайы әдебиеттер мен интернеттен ілімдерін меңгердім. Сонан соң тереңдігін, биіктігін, бас шеңберін ескере отырып, үлгісін сызып, ағаш шеберлеріне арнайы пішін жасауға тапсырыс бердім де, күзен терісінен өзімнің алғашқы бас киімімді жасап шығардым. Әрине, көптеген кемшіліктер, қателер болды, кейбір жерлерінің тігісі қиыспады. Алайда, таң қалғаным сонша, оны сол жерде менің танысым сатып алды, сөзбе-сөз айтқанда, сатуымды өтінді! Бірте-бірте дағдыларым жетіле бастады, қазір мен ай сайын шамамен 30-40 бас киім шығарып, сатамын», – деп әңгімесін айтты Бауыржан.

Оның әзірлемесінің жаңашылдығы - қарапайым тақия табиғи жүнмен қапталады. Мұндай бас киімді осы уақытқа дейін қыстың суықтарында жұқа төбетей киюге мәжбүр болған мешітке келетіндер асыға сатып алады. Сондай-ақ, күзен тақиясын болашақ құда-жекжатқа сыйлық ретінде деп қарапайым адамдар да сатып алады: олардың пікірі бойынша, Бауыржанның бұйымы шапанға қоса берілетін қарапайым қалпаққа қарағанда, әлдеқайда бай және мәртебелі көрінеді.

Кейіннен, тұтынушылардың сұрауы бойынша ауқымдар тізбегіне ақ  күзен терісінен әзірленген жүннен жасалған әйел орамалдары қосылды. Бауыржанның айтуынша, тұтынушыларды табиғи жүн, тігу сапасы және қол жетімді бағасы қызықтырады. Күзен терісінен тігілген төбетей мен жүнмен көмкерілген әйел орамалдарының орташа бағасы 20-25 мың теңге, түлкі және күміс түлкі малақайы 100 мың теңге тұрады.

«Бизнес-жоспар құруға маған «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының кеңес берушілері көмектесті, олар бизнеске арналған барлық мемлекеттік бағдарламалар туралы егжей-тегжей айтып берді және «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша грантқа тапсырыс беруге кеңес берді. Мен құжаттарды 2021 жылы көктемде бердім, қаражаттар шотыма маусымда түсті. Бұл ақшаға түкті тігін машинасын, кестелеу машинасын және тігін машинасын, өнеркәсіптік құралдар, табиғи терілер, киіздер және ішкі безендірулерге арналған басқа да материалдар сатып алдым», – дейді кәсіпкер.

Бауыржан өзінің шығарған бұйымдарын Алматының ірі базарларының бірінде сатады. Келешекте грант иегері шеберлер жалдауды және өзінің өндірісінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Новости партнеров