|
09.11.2019 | 16:40
4393

Алик Шпекбаев Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралады

Алик Шпекбаев: «ҚазҰУ» мен «НАРХОЗ» университеттері жастардың бастамаларының орталығына айналды

 Алик Шпекбаев Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның аясында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

ҚазҰУ басшылығы «Университет 4.0» жобасын таныстырды.

«Бүгінде ҚазҰУ-нің әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы al-FarabiUniversitySmartCity инновациялық платформасының негізінде ҚазҰУ әзірлеген және енгізген «Университет 4.0» тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылуда. «Университет 4.0» жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформасының селбесуіне негізделеді және еліміздің, әлемнің азаматтары ретінде жоғары деңгейлі мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған»,- делінген хабарламада.

Осыдан соң Алик Шпекбаев «НАРХОЗ» Университетіне барып, оның студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру мәселері жөніндегі жұмысымен танысты.

Кездесу барысында Нархоз университетінде бірінші курсты оқытудың жаңа тәсілдері таныстырылды.

«Жыл сайын мен жоғары мінбелерден НАРХОЗ университетінде жемқорлықтың тіпті иісі де жоқ деп мәлімдеймін. Университеттің менеджменті мен оқытушылары ең алдымен оқытудың сапасына және рәсімдердің ашықтығына баса назар аудара отырып, жаңаша жұмыс істейді», - деді Алик Шпекбаев кездесу барысында.

Ал, «AlmaU» Университетінде студенттерде қоғамға және парасаттылыққа қызмет ету қағидаттарын қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің басшысы бүгінгі таңда еліміздің 2,5 мың оқу орындарының базасында жастардың бастамаларының орталығына айналған парасаттылық мектептерінің жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Ол үлгі ретінде ҚазҰУ мен «НАРХОЗ»-ды атады.

«Креативті жастардың қатысуын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Өскелең ұрпақ түрлі форматтағы іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу, видеороликтер мен мультфильмдер әзірлеу арқылы парасаттылық қағидаттарын қолдайтынын көрсетуде», - деді А.Шпекбаев. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир