Ерлерге кеңес: 8 наурызда қандай сыйлық беруге болады

23.02.2023 21:41

Жақында барлық әйел қауымы асыға күтетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі

cityreporter.ru

Жыл сайын 8 наурыз күні барлық қыз-келіншек пен аналарды, әжелер мен апа-қарындастарымызды әдемі гүлдермен, қымбат сыйлықтармен тойлауды әдетке айналдырдық. Наурыз айы басталысымен ер азаматтар жақын адамын қуантуға асығады. Оларға қандай сыйлық сыйлауға болатыны жайлы ойланады. Сыйлықты жасына, қызығушылығы мен мамандығына қарай таңдаған дұрыс. Сондықтан сіздерге осы материалда сыйлықтар топтамасын назарыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аналарға

Біреуіне көңіл бөлудің өзі жеткілікті болса, екіншісі есте қаларлық сыйлық болғанын қалайды. Төменде көрсетілген жинақтан анаңызға ұнайтын сыйлықты таба аласыз: сүйікті иіссуы; косметика өнімдері; СПА салонына арналған сертификат; зергерлік бұйымдар.

Қыздарға

Қыздар ылғи сәнді әрі трендтегі заттарға қызығады. Сондықтан, жас ерекшелігіне сәйкес қалауын алып берген дұрыс: косметика немесе парфюмерия дүкеніне сертификат; әшекейлер; сымсыз құлаққап; шопинг; фотосессия; смартфон; смарт сағат.

Сүйіктіңізге

Сүйікті адам әрқашан қамқорлық пен көңіл, махаббат пен құрмет көрсетілгенін қалайды. Сондықтан сыйлықпен бірге шынайы сезіміңізді де білдірген жөн. Ал төмендегі топтамадан не сыйлауға болатынын оқи аласыз: 10 жылға дейін сақталатын қораптағы раушан гүлі; зергерлік бұйымдар; сүйікті парфюмдік өнімі; қолдан жасалған тәттілер (шоколадты құлпынай); есте қалатын романтикалық кездесу немесе саяхатқа жолдама.

Жұбайыңызға

Өзіңіздің сүйікті жұбайыңызбен неғұрлым ұзақ өмір сүрген сайын, соғұрлым жақсы тани түсесіз. Сондықтан қалауына құлақ түріп жүрген жөн. Әрине, сыйлықтарды таңдау оңай емес. Ал бұл топтама сізге көмектеседі деп үміттенеміз: смарт сағат; фитнес білезік; романтикалық кешкі ас; СПА сертификаты; мастер-класстарға жолдама.

Әпкеңізге

Әпкеңіздің қанша жаста екенін білмесек те, бұл топтамадағы сыйлықтар кез-келген жас пен талғамға ұнайды деп сенеміз: кітап; тәттілер қорабы; алтын немесе күміс алқа.

Әжеңізге

Ал әжеңізге шын көңілден берілген кез келген сыйлық ұнайтыны сөзсіз: жібек орамал; ортопедиялық жастық; тәттілердің сыйлық жиынтығы.

8 наурызда берілетін сыйлықтар – әртүрлі баға санатындағы өнімдердің үлкен таңдауы. Сыйлық таңдауда қателеспес үшін әйел мәртебесіне, оның өмір салты мен хоббиіне, кәсібіне және араларыңыздағы қарым-қатынас деңгейіне баса назар аударған жөн.