100 мың білікті ІТ-маман даярлау: ҚХА өкілдері Жолдау туралы өз ойын ортаға салды

almaty.tv
almaty.tv
IT мамандары бүкіл әлемде өте жоғары бағаланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі  –  барлық салаларды жаппай цифрландыру». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздегі IT мәселесіне ерекше тоқталып, мемлекеттік органдар мен бизнесті сандық форматқа ауыстыру үдерісін тездетуді тапсырды. Сондай-ақ, жастарға қолдау көрсете отырып, кемінде 100 мың білікті ІТ-маман даярлау міндетін қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің бастамаларына қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де пікір білдірді. «IT саласына үлкен мән берілсе, Орта Азиядағы орталық цифрлық хабқа айналатынымызға сенімдіміз», дейді олар.

«IT мамандары бүкіл әлемде өте жоғары бағаланады. Егер Қазақстан біздің мамандарымызды оқытуға қаражат жұмсап, жағдай жасайтын болса, автоматты түрде елімізді жаңа деңгейге көтере алатын халықаралық деңгейдегі мамандарды тартады. Бұл IT саласындағы революция деп айтар едім», – деді «Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Всеволод Лукашев.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Жолдауда айтылған ең төменгі жалақыға қатысты шешімді де қолдап жатыр. Айтуынша, бұл бастама бір милионнан астам қазақстандықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ел экономикасына оңтайлы әсер етеді.

«Президентіміз ең төменгі айлық мөлшері туралы жақсы мәлімдеме жасады. Қазір ол 42500 теңге болса, жақын арада 60 мың теңгеге дейін көтерілмек. Бұл шешім қоғамымызда өте маңызды рөл ойнайды. Себебі бұл еліміздегі тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы жандар үшін үлкен қолдау екені сөзсіз», – деді «Дүнген қазақстандық қоғамы» ҚБ төрағасы Абубакир Войнце.

Новости партнеров