Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

иллюстрированное фото из открытых источников
иллюстрированное фото из открытых источников
Шетелдіктер үшін негізгі шарт – визалық талаптарды сақтау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.  Бұл туралы ҚР ҰҚК-ның Фейсбук парақшасында жарияланды. 

1. Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуларына және аталған елдердің азаматтарына Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат беріледі.

Шетелдіктер үшін негізгі шарттар – визалық талаптарды сақтау, Қазақстан Республикасына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматы болуы және осы мемлекеттен тікелей рейспен жүруі тиіс.

Осы тәртіпке сәйкес елге кіруге рұқсат етілген шетелдіктер де Қазақстан Республикасына кіру үшін тікелей әуе рейстерін пайдалана алады.

2.Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге:

Қазақстан Республикасына экипаждан тыс ауысымға бара жатқан теңіз кемелердің қызметкерлері құрамынан тұратын шетелдік азаматтарға – теңіз (өзен) кемелерінің қызметкерлері құрамына қатыстығы мен мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары бар болған жағдайда;

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық қызметімен айналысатын тауарлардың иелеріне - ауылшаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттар болған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізім мен үлгі құжаттарына сәйкес);

шет мемлекет аумағы оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының кәмілет жасқа толмаған азаматтарын ертіп жүретін ата-аналарына (қорғаншылары немесе қамқоршыларына), сондай-ақ олардың студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын ресімдеу, емтихандарды (тесттерді) тапсыру үшін - шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы және осы мақсаттармен шет елге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда рұқсат етілген.

Елден шыққан кезде Қазақстан Республикасының азаматтары қолданыстағы шектеулерді және сапар жоспарланған елге кіру мүмкіндігін өз бетінше анықтауы қажет.


Новости партнеров