Алматы гарнизонында «Қолбасшы шыршасы» ұйымдастырылды

Достық үйінде өткен мерекеге 200-ге жуық балдырған қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Олардың ішінде көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары да бар. Олар ертегі әлемінің кейіпкерлерімен бірге ғажайып әлемге саяхат жасап, Аяз атаны Қарша қыздың қаһарынан құтқару үшін әртүрлі тапсырмалар орындады. Артынша Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының орынбасары Бекайдар Қазкеев жеткіншектерге ақ тілегін білдіріп, әрқайсысына сыйлық үлестірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Бүгінгі істеп жатқан шарамыз Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен өтіп жатқан шыршасы. Сол кісінің айтқан тапсырмалары бойынша Достық үйімен бірлескен осы өзіміздің Алматы гарнизонынында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметкерлерінің бұлдіршіндеріне іс-шара жасап, жаңа жыл қарсаңында өзіміздің сыйлығымызды тарату мақсатында осындай іс-шара жасап жатырмыз», – деді ҚР Ұлттық Ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының орынбасары, полковник Бекайдар ҚАЗКЕЕВ.

Балдырғандар мерекеде ән айтып, би билеп, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ Аяз атаға қазақ, орыс, ағылшын тілінде өлең оқып берді.  

Алматы гарнизонына іс-шараны ұйымдастыруға Достық үйі мен Қазақстан Ұйғырлары қауымдастығы қаржылай қолдау көрсеткен екен.

«Жаңа жыл құтты болсын! Келе жатқан жаңа жылда қазағымыз биіктерден көріне берсін. Біздің Достық үйі – халықтардың бірлестігінің үйі. Сол себепті халқымыз бірлікте, ынтымақта болсын, аспанымыз ашық болсын», – деді Қазақстан ұйғырлары қауымдастығы Алматы филиалы төрағасының орынбасары Абдухалил ДОЛКУНТАЙ.

Новости партнеров