Жиында БАҚ өкілдері бас қосып, онлайн қызмет алу процесімен танысты
«Азаматтарға арналған үкімет» МК журналистердің төл мерекесіне орай іс- шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиында БАҚ өкілдері бас қосып, онлайн қызмет алу процесімен танысты. Журналистерге викторина ойнатылды, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
«Біздің атымыздан сөйлеуге , халықтың проблемаларын бірлесіп шешуге жұмыс істейтін журналистерді бүгін өзімізге амбассадор етіп сайлап аламыз. Бүгінгі мақсатымыздың бірі сол да болып отыр. Сондықтан барлық журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға, шығармашылықтарыңызға табыс тілейміз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Жаңыл Әпетова.