Алматының Алатау ауданында 1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Аудан көлемінде 50 мың оқушы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Алматының Алатау ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлер осылайша қолдау көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудан әкімдігінің айтуынша, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін науқанның биылғы ауқымы кең. Оның шеңберінде әлеуметтік санаттағы және көпбалалы отбасының барлығы қамтылған.

«Балаларды қуантып, керек затын алып бергенғанына алғыс айтамын! Алатау ауданы әкімшілігіне алғысымды білдіремін», – деді Алатау ауданының тұрғыны Гүлшат Қалиева.

«Аудан көлемінде 50 мың оқушымыз бар. 26 мемлекеттік мектебіміз бар. Биыл 3 мектеп қосылайын деп отыр. 1500 орындық, яғни 4500 орынға. Одан бөлек, Саялы және Зепрделі ықшамауданында 2 мектептің құрылысы басталады», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Новости партнеров