Атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтиже көрсетіп отырғаны көңіл қуантады – Арман Жүдебаев

teatr-musrepov.kz
teatr-musrepov.kz
Бақытжан Әбдірұлы бастаған қала басшылығының жұмыстарына сәттілік және табыс тілеймін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Қазақстанға белгілі дирижер Арман Жүдебаев Алматы әкімдігінің жүйелі жұмыс істеп жатқанына ризашылығын білдіріп, одан әрі де жұмыстарына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мегаполис басшысы өз есебінде коронавирус індетімен күрестің нәтижелері және пандемия жағдайындағы қаламыздың даму қарқыны жөнінде кеңінен ақпарат берді. Қай салада болсын атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтиже көрсетіп отырғаны көңіл қуантады.

Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде мені жастар мәселесі толғандыратыны мәлім. Сондықтан жастардың ішіндегі жұмыссыздықтың азаюына, жастардың кәсіппен айналасуына және жас отбасылардың қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне баса назар аударылып отырғанына, осы бағытта біраз нәтижелі жұмыстар атқарылғанына ризамын.

Көрікті қаламыз – Алматының замана көшінен қалмай тұрақты түрде дамуына бар күш-жігерімен аянбай еңбек етіп жүрген Бақытжан Әбдірұлы бастаған қала басшылығының жұмыстарына сәттілік және табыс тілеймін!» – деді Арман Жүдебаев.

Новости партнеров