Ғалымды басқа мақсаттарда пайдалану алтын күрекпен жер қазғанмен тең – Төлеутай Рақымбеков

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біз мұнай, көмір, темір сияқты қазба байлықтарға сеніп отыра бермей, ауыл шаруашылығын да нықтап қолға алуымыз керек. Өйткені, соңғысы ешқашан сарқылмайды. Сондықтан, оны қазірден бастап бір жолға қойып, әлеуетін толық пайдалана алсақ, болашаққа алаңдауға еш негіз қалмайды деді президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков. Ол  Алматыдағы аграрлық ғылым өкілдеріне сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, осындай ғылыми мекемелерге қолдауды аямау керектігі жайында жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ғылыми мекемелердің тек ғылыми зерттеумен айналысуына бүкіл жағдайды жасау керек. Сонда ғана ғалымның қосатын үлесі жоғары әрі барынша тиімді болады.  Ал егер ғалымды басқа бір жұмысқа пайдаланып не болмаса оған жағдай жасамасақ, онда ол да бір, алтын күрекпен жер қазған да бір болмақ», – деді үміткер Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ.

«Ең алдымен азық-түлік қауіпсіз болмай, біз қауіпсіз болмаймыз. Біздің бүгінде істеп жатқан жұмыстарымыздың барлығы азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Сондықтан, үміткеріміздің бағдарламасында халыққа қажетті мәселелерді көтерілген және осы пробмалардың шешу жолдары көрсетілген деуге толық негіз бар», – деді Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ бас директоры Абдолла САПАРОВ.

Новости партнеров