Әрбір қазақстандық үшін сапалы медициналық қызметті қалада да, ауылда да қолжетімді етеміз. Бұл – Президентікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Кандидаттың айтуынша, медициналық қызмет сапалы әрі тиімді болуы үшін дәрігерлердің жүктемесі азаяды және жаңа қондырғылар сатып алынады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі – ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салу. Президентікке үміткер шалғайдағы жұрттың денсаулығы, білім алуы, кәсіп ашуына мүмкіндік жасалатынын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өрлеу дегеніміз – білім беру саласында жұмыс істеп жатқан ұстаздарымыздың немесе денсаулық сақтау саласында істеп жатқан дәрігерлердің, басқа қызметкерлердің жалақысын өсіру деген сөз. Өрлеу дегеніміз – мұғалімдердің жүтемесі азайу деген сөз. Өрлеу дегеніміз – осы салаға басымдық беріп, денсаулық сақтау саласын ары қарай қаржыландыруды көбейту деген сөз. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік сала қызметкерлерін баспаналы етуге де күш салмақ. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында ұстаздар мен дәрігерлерді үймен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасы іске асырылатынын айтқан», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Мәулен ӘШІМБАЕВ.
«Мен де анамын, мен де ұстазбын, мен де баламның тыңыштықта өмір сүргенін қалаймын», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшесі Бақытгүл ХАМЕНОВА.