Бос орындар жәрмеңкесіне 5 мыңға жуық адам қатысты
"Балуан Шолақ" спорт кешенінде қала колледждері мен ЖОО түлектері, сонымен қатар жұмыссыз жастарға арналған қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бос орындар жәрмеңкесіне қаладағы 200-ден астам жұмыс беруші мен 5 мыңға жуық адам қатысты. Олар – 35 жоғары оқу орнының, 83 колледждің түлектері мен жұмыссыз жастар.
Жәрмеңке қонақтары ҚР еңбек заңнамасына сәйкес білікті мамандардан толық ақпарат алып, буклеттер мен жадынамалар түріндегі анықтамалық-ақпараттық материалдармен танысты, сондай-ақ жұмысқа орналасу бойынша жетекші мамандардың шеберлік дәрісінен өтті.