Алматылық оқушылар халықаралық қарттар күні қарсаңында қарияларға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік қызметтер орталығында өнер көрсеткен балалар «ақсақалдарға мейірім керек» дейді.
– Той күні ғана келмей, керемет қуаныш сыйлағандарыңа рақмет! – деді Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Айымторы Тайғаринова.
– Біздің мақсатымыз – қарт кісілерге көмек көрсету, олардың көңілін аулау. Халықаралық қарттар күнінде орай келдік. Қарияларды құрметтеуіміз керек, – деді мектеп оқушысы Мансұр Өмірбай.
Оқи отырыңыз: Алматылық зейнеткерлерге қандай көмек көрсетіліп келеді