Ардагерлер орталықта үйірмеге тегін қатысады
Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Алматының Наурызбай ауданында зейнеткерлерге арналған орталық ашылды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді қазыналы қарттар төрт қабырғаға қамалып отырмай, тегін үйірмеге жазылып, уақытын пайдалы өткізеді. Себебі бүгін ғана салтанатты түрде ашылған қос қабатты нысанда керек-жарақтың бәрі бар. Игі істің бастамашылары болашақта мұндай орталықтың санын арттыруды жоспарлап отыр.
«Қазіргі зейнеткерлер жан-жақты, білімді. Төрт қабырғаға қамалып отырғанша, осында уақытын өткізіп, адамдармен сөйлеседі. Бұл олардың жасын ұзартады, денсаулығын жақсартады деп ойлаймын», – деді зейнеткер Роза Айманбетова.