Түркістан облысында 3 қызды азаптап келген өгей шеше жүкті екен

Түркістан облысында 3 қызды азаптап келген өгей шеше жүкті екен
Туған шешелері тірі, ажырасқан соң қыздарын күйеуіне қалдырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Жетісай ауданында үш қызға қорлық көрсеткен келіншекке қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Жетісай ауданы әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдар Сейдазым «үш қызды соққыға жықты» деп айыпталған келіншектің аяғы ауыр екенін айтты.

«Туған аналары ажырасқан соң, қыздарын күйеуіне қалдырған.

Ер азамат 2016 жылы екінші рет шаңырақ көтерген.

Үш қыздың әкесі қыздарының өгей шешеден осынша қорлық көріп келгенін білмегенін айтты. Себебі үнемі жұмыста болған.

Ол көлік жөндеуші боп істеп, отбасын асырап отыр. Ал әйелі  бала тәрбиесімен үйде отырған.

Қорлық көрсетті деген күдікке ілінген келіншектің өзі де ана, екі жасар ұлы бар.  Қазір екіншісіне аяғы ауыр.

Қыздар өгей шешелерінің тиісті жазасын алғанын тілейді. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр», - дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Түркістан облысында өгей шешесі қыздарын ұрып-соқты деген күдікке ілінген болатын.

Новости партнеров