Жанна Ғалымова 1987 жылы туған
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Сәрсенбаевтың бұйрығымен Жанна Ғалымова Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жанна Ғалымова 1987 жылы туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2011 жылдан 2016 жыл аралығында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016 жылдан 2017 жыл аралығында – Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы.
2017 жылдан 2019 жыл аралығында – Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары.
2019 жылдың наурызынан бастап бүгінгі тағайындауға дейін Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.