Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді
Енді орташа және жоғары зейнетақы арасындағы айырмашылық азаймақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәлірек айтқанда, Сенаттың бүгінгі отырысында депутат Рысқали Әбдікеров осы түйткілді қозғап, біреудің зейнетақысы 2 мыңға көтерілсе, енді біреулердікі 16 мыңға бірақ өсетінін сөз қылды. Ал министр Тамара Дүйсенова мұндай проблема бар екенін растап, оның шешілетінін жеткізді.
«Ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жәрдемақы жөніндегі сіздің пікіріңізмен толық келісемін. Сондықтан үкіметтің қазіргі жоспарының ішінде біздің де он шақты жоспарымыз тұр. Ең төменгі зейнетақы ең төменгі жәрдемақыға дейінгі стандарттарды қайта қараймыз. Қазір ұлттық және халықаралық сарапшыларды шақырып, жұмысты бастадық. Ұсыныстарды даярлап жатырмыз. Соның нәтижесінде жұмыс тобы құрылады деп отырмыз», – деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова
Голливудтық фильмдерді Қазақстанға әкелу жоспарда жоқ. Сенат отырысынан кейін кулуарда журналистердің «Голливудтық фильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесін Үкіметтік деңгейде қарайтын кез келген шығар» деген сауалына Ералы Тоғжанов осылай жауап берді. Себебі вице-премьердің айтуынша, мұндай ұсыныс түспеген.
«Голливуд біздің Қазақстанға жетіп келеді деген әңгіме, енді артық. Бірақ қазір Аpple секілді халықаралық деңгейдегі компаниялар бар. Сондай-ақ Netflix-ті де өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан осындай компанияларды Қазақстанға тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.