Қазақстандықтар желтоқсан мен Жаңа жылда қанша күн демалады?

01.12.2019 21:45

Осылайша желтоқсанда қазақстандықтар 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады

Желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күнінде демалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні 2 желтоқсан дүйсенбіге ауысады. Ал Тәуелсіздік күнін қазақстандықтар екі күн - 16 және 17 желтоқсан күндері атап өтеді.

Осылайша желтоқсанда қазақстандықтар 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады.

Ал 2020 жыл дәстүр бойынша Жаңа жылдық демалыс күнінен басталады. Қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында демалып, 5, 6 желтоқсан жұмыс күндері болып саналады. Ал 7 желтоқсан - демалыс күні.