Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

02.12.2020 22:45

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен дистрибьюторлерге несие беру пысықталып, ауылшаруашылық өнімдерін тікелей жеткізу ұйымдастырылуда

inform.kz

Пандемия жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қала үшін маңызды және басты міндеттердің біріне айналды. Сондықтан барынша тиімді бірқатар шұғыл және кешенді шаралар қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ірі өндірушілермен және сауда желілерімен дер кезінде жасалған келісімдер қаланы азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіп, олардың бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Тұрақтандыру қорын азық-түлікпен толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 7 млрд астам тг бөлінді. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 108,1%-ды (ҚР — 109%) құрады.

Бұдан өзге, «айналым» сызбасы аясында ауыл щаурашылық өнімдерін сауда желілері арқылы белгіленген бағамен сату жалғасуда. Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап жалпы құны 1,5 млрд тг құрайтын 12 мың тонна көлеміндегі негізгі «көкөніс қоры» сатыла басталды.

Сонымен қатар, «Ақсай» нан-тоқашкомбинаты» ЖШС-не 1 сұрыпты ұннан қалыпатағы әлеуметтік  нан өндіру үшін 1 млрд тг көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Сатудың жалпы көлемі белгіленген сараланған бөлшек бағамен 23,8 мың тоннадан астам өнімді құрайды.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен дистрибьюторлерге несие беру пысықталып, ауылшаруашылық өнімдерін тікелей жеткізу ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, бүгінгі күні санитарлық шараларды сақтай отырып,  демалыс күндерінің 7 жәрмеңкесі кезең-кезеңімен ашылды. Мұнда Алматы облысының қалаға жақын орналасқан аудандарының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері мен Алматы қаласының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары өнімдерін базардағыдан төмен бағамен сатуда.

Алматы, Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің кеңейтілген жәрмеңкелері өтті, онда 760 тоннадан астам өнім сатылды.

Қабылданған шаралар аясында қаланы негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деңгейде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнмідерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.