Абай 175 жыл: Ақын шығармаларын насихаттаған өнер иелері марапатталды

03.02.2021 21:46

Ұлы тұлғаның 175 жылдығы аясында оның әндері мен шығармалары Еуропа елінде кеңінен шырқалды

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы тек қазақ халқына емес, күллі түркі жұртына әйгілі. Ұлы тұлғаның 175 жылдығы аясында оның әндері мен шығармалары Еуропа елінде кеңінен шырқалды. Мерей тойдың жоғарғы деңгейде өтуіне үлес қосып, ақынның шығармаларын насихаттап жүрген  өнер иелері, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды.

«Біз Сараево, Босня Герцеговинаның астанасында, қысқы фестивалінде  Бетховенмен қатар Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы өтті. Сонда Абайдың өлеңдерін орындау мәртебесі бұйырды. Содан соң Сербия, Белоград қаласында да Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы өткен болатын. Бүгін марапатталып отырғаныма өте қуаныштымын», – деді ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанаркүл Сәркенова.