Жылу орталығында жөндеу жұмыстары аяқталды
Өскемен қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары аяқталып, дайындық паспорты берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу электр орталығы 2023-2024 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын растайтын паспорт алды. Бұл құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті берген.
- Осылайша, орталықтың энергия өндірісінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігі расталды. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша жоспарланған жұмыстар толықтай аяқталды, - делінген ақпаратта.
Атап айтқанда, орталықтағы №8, 9, 12, 13 қазандықтар, № 4, 6, 8, 9, 10, 11 турбиналық қондырғылар ағымдағы жөндеуден, № 11 қазандық пен № 7, 12 турбиналық қондырғылар күрделі жөндеуден өткен.
Оқи отырыңыз: Алматы алдағы жылу маусымына 94 пайызға дайын