Алматыда «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының иегері белгілі болды

Алматыда «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының иегері белгілі болды
Пандемия кезінде халыққа қол ұшын беруге аянбаған волонтерлар марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пандемия кезінде халыққа қол ұшын беруге аянбаған волонтерлар марапатталды. Қиын кездерде елмен бірге болып, белсенділік танытқан азаматтарға Елбасы мен Мемлекет басшысының және Алматы әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды. Шараға 40-тан астам ерікті қатысты. Олардың басым бөлігі төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға, карантин аймағында тұратын тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасыған. Ал «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын «Enactus Kazakhstan» қоры иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Пандемия кезінде қиын болды. Бірақ Enactus Kazakhstan  өзінің онлайн мектебін ұйымдастырды. Осы хабта 4 мыңнан аса адамдар, Қазақстаннан де, басқа елдерден де осы мастер-кластарға қатысты», – деді Enactus Kazakhstan қорының өкілі Инеш Орхан.

Еске салсақ, қала қатаң карантинге жабылған кезде «Алматы қаласының волонтерлерінің жедел штабы» құрылған еді. Еріктілердың қиын кезеңдегі жұмысы жүкті жеңілдетуге септігін тигізді.

«Біз ковидті науқастардың емдеу үшін тегін күндізгі стационарлар ұйымдастырдық. Дәрі-дәрмек алуға шамасы келмеген тұрғындарға жәрдемдестік. Шілдеден тамыз айына дейін 300-ге жуық науқас емделді», – деді қоғам белсендісі, жеке меншік қоғамдық қорының төрағасы Ерлан Нұрпейісов.

«Біз аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратумен, санитарлық құралдарыды жиыстырумен және жалғызбасты қарттарға төтенше жағдай аяқталғанға дейін күнде ыстық тамақ тасу жұмыстарымен айналысқан болатынбыз», – деді Jas Otan жастар қанатының волонтері Гүлжан Жүсіпбайқызы.

Новости партнеров