Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми мәлімдеді
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша қызыл жалын толық бақылауға алынғаны көрінеді. Бұған қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Бірақ өрт толық жойылғанға дейін үнемі су төгіліп, жалын шарпыған аймақтың шетіне топырақ себу жұмыстары жүретін болады.
«Абай облысында болған орман өрті 14 маусым, 21:00-де толық оқшауланды. Қазіргі таңда келген барлық күш құралы мен техника ішіндегі ыстық нүктелерді өшіруге барлығы жұмылдырылды. Енді осы күш құралдарының барлығын толығымен сөндіруге жұмыстар жасап, жақын күндерде толық өртті сөндіруге жұмыс жасайтын боламыз», – дейді ҚР ТЖМ өртке қарсы комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Оқи отырыңыз: Өрттен қаза тапқандардың отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды