Алматы әуежайы рейстер неге кешігіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana компаниялар тобы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын хабарлады.
- 16 ақпанда Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар рейстер кешікті. Бұл күні нөсер қардың салдарынан ұшу-қону жолағын үздіксіз тазарту және ұшақтарды мұздан тазарту үшін қосымша уақыт қажет болды. Бұл ұшақтардың келуіне де әсер етті. Қонғаннан кейін кейбір ұшақтар жермен жүру жолында қалды, өйткені тұрақтардың барлығы халықаралық және отандық әуекомпаниялардың таңертеңгі және күндізгі рейстерін орындаған ұшақтарға толы болды, - делінген хабарламада.
Бұл жағдай бүгінге дейін рейстердің тізбекті кешугуін туғызған. 17 ақпанда Алматы әуежайында әуе кемелерінің тәуліктік ұшу және ұшу жоспарының едәуір ұлғаюына байланысты рейстердің кешігуі жалғасқан. Форс-мажорлық жағдайларға байланысты техникаға, баспалдақтарға, автобустарға, жолжүк транспортирлеріне қосымша жүктеме пайда болды, бұл өз кезегінде жолжүкті түсіруді кідірткен.
- Қазіргі уақытта қазақстандық әуекомпанияларының және әуежай қызметтері жақын арада кестені қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусындар берілді. Алматыда 70-тен астам жолаушы және Астанада 90 жолаушы қонақ үйлерге орналастырылды. Call-орталыққа қоңырау шалу үшін қосымша қызметкерлер тартылды. Біз рейстердің кешігуі жолаушыларға қолайсыздықтар әкелетінін түсінеміз, бірақ ауа - райы жағдайлары әуекомпаниялардың кестесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, өйткені біздің басымдылығымыз қауіпсіздік, - деді әуекомпаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.
Айта кетейік, 16 ақпанда таңертең Алматыда қалың қар жауа бастады. Синоптиктер жауын-шашын 17 ақпанға дейін болатынын ескертті. Кейін әуе рейстері де кешіге бастағаны хабарланған.
Оқи отырыңыз: Еліміздің 9 облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді