Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматы-Қонаев тасжолында екі көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 20 жастағы әйел жүргізуші BMW маркалы көлік құралын басқара отырып, жаяу жүргіншіні басып кеткен және соққы салдарынан Mercedes benz маркалы автокөлігіне соғылған. Соққы инерциясы нәтижесінде екінші көлік те өзге жаяу жүргіншіні соғып кеткен.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші де сол жерде қайтыс болды. BMW көлігінің жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалық тексеру тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қонаевта ер адам автобуста жолаушыны пышақтап тастады