|
28.12.2021 | 17:42
4280

Қостанайда 4 баланы өрттен құтқарған оқушыға көлік берілді

Облыс басшысының айтуынша, Президент оқушыға ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты

Қостанайда 4 баланы өрттен құтқарған оқушыға көлік берілді Instagram/Қостанай облысы әкіміні Архимед Мұхамбетов

"Allur" компаниялар тобы Мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Бүгін "СарыарқаАвтоПром" ЖШС алаңында "Allur" компаниялар тобы Мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады. Өз кезегінде, мен Олегке Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстадым, сондай-ақ Олег Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, ал Олегтің анасы Валентина Пирог анасы ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды", – деп жазды ол.

Облыс басшысының айтуынша, Президент оқушыға ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты. 

"Осындай жас кезіңде сен нағыз ерлік жасадың, қайғыға батқан балаларға батылдықпен және ойланбастан көмекке келдің, үлкен қасіреттің алдын алдың", деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Олег ата-анасына балаларды лайықты тәрбиелегені үшін тағы да алғыс айтамын. Олегтің әрекеті балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де үлгі болып табылады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасын қолдағаны үшін директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевке "Allur" компаниясына алғысымды білдіргім келеді", – деді Мұхамбетов.

Сондай-ақ облыс басшысы өрт салдарынан баспанасынан айырылған Өмірзақовтар отбасына Қостанай қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир