Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген полицей ұсталды

04.02.2020 21:48

Ол 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айрылды

Тұрар Қазанғапов

Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігінен айрылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Полицейлер өз әріптесін рейд кезінде тоқтатқан. Ер адамнан арақтың иісі мүңкіп тұрған. Құжаттарын тексеру кезінде оның полиция қызметкері екені анықталды. 

«Медициналық куәландыру кезінде оның жеңіл деңгейлі мас болғаны анықталған. Бұл 2 ақпанда болған, кеше жұмыстан босатылды. Ол көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айрылды. Сондай-ақ, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деді Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Дүйсебаева. 

Осындай жағдай Атырауда да болған. Онда инспектор мас күйде ұсталған. Әкімшілік сот шешімімен аға лейтенант жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Сондай-ақ, ол 15 тәулікке қамалды және қызметінен босатылды.