Шымкентте карантин кезінде компьютер клубы істеп тұрған

15.08.2020 21:48

Шымкентте карантин кезінде жасырын жұмыс істейтін ойын орындары азаймай тұр

Шымкентте карантин кезінде жасырын жұмыс істейтін ойын орындары азаймай тұр. Осындай орынның бірі Абай аудандық полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Тельман бөлімшесіндегі Сыпырған ата көшесі бойында орналасқан «PS на районе» компьютер клубы карантин шектеуіне қарамастан жұмыс істеп келген. Тәртіп сақшылары ойынхана әкімшісінен түсініктеме алып, осы жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармақшасы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тарту туралы шешім қабылдаған.

«Барлық жинақталған іс-құжаттар Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына процессуалды шешім қабылдау үшін жолданған»,-делінген хабарламада.