AKIMAT LIVE бағдаламасында Алматы қаласы бойынша МКД салық заңнамасы және басқа да мәселелер туралы айтамыз

28.01.2020 17:28

Көрермендер сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласа алады

Nur.KZ, Almaty.tv

Кеден, бюджет төлемі, зейнетақы жарналары, өндірісті реттеу, банкроттықты бақылау мәселелері.

28 қаңтар сағат 20:00-де AKIMAT LIVE тікелей эфирінде тұрғындар сұрағына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы  Айжан Бекеева мен камералды мониторинг басқарманың бас маманы Қайрат Түрімбетов қатысады.

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар, сондай-ақ Almaty.tv арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыруларыңызға болады.

Көрермендер сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласып, қонаққа тікелей сұрақ қоя алады.