Қосымша 480 тонна құм сатып алынды
Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тасжолының 288-шақырымында жолға су жайылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша, бүгін сағат 06:00-де Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз тасжолының 288-шақырымында жолды су басқан.
Бұл Шалқар қаласынан 31 шақырым қашықта орналасқан Ырғыз ауданы бағытындағы жер. Су басқан жолдың ұзындығы 300 метрді құрайды.
— Ескерту белгілері қойылып, жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жұмысқа 3 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Жол жиегіне 650 құм толы қап қойылып, қосымша 480 тонна құм сатып алынды. Қазіргі таңда жолда көлік қозғалысы шектелген жоқ, — деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автокөлік қозғалысы үшін жолға бір трактор жіберілген.
Оқи отырыңыз: Өркениеттен алыс қалдық: 500 шаңырақ жарықсыз отыр