Жалқамыс ауылындағы ұрлыққа қатысы бар күдіктілер қамауға алынды

12.03.2020 21:49

Қазір ұрылардың аудан аумағындағы ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Almaty.tv

Талғар аудандық полиция басқармасының жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Бесағаш ауылының екі тұрғыны ұсталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар бөтеннің мүлкін қолды қылғандарын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Қазір ұрылардың аудан аумағындағы ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Еске салсақ, 3 наурыз күні полицияға Жалқамыс ауылының тұрғынынан үйінің тоналғандығы жөнінде хабарлама түскен. Сол күні Талғар ауданының тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен жиын өткізіп, артынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғады. Тергеу кезінде  наурыздың 1-і мен 5-і аралығында Жалқамыс ауылында 5 бірдей мүлікті тонау фактілерінің орын алғаны анықталды», – дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота ӘЗІРБЕК.