Бір айдың ішінде қияр мен қызанақ 30 пайызға арзандаса, қырыққабат құны 51 пайызға дейін түскен
Биыл күзде еліміздің бірнеше өңірінде көтерме бағадағы сауда орталықтары ашылады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің болжауынша, бұл бастама баға нарығын тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Елімізде бір айдың ішінде қияр мен қызанақ 30 пайызға арзандаса, қырыққабат бағасы 51 пайызға дейін түскен. Әйтсе де, картоп пен сәбіз бағасы маусым айында 20 пайыз шамасында қымбаттаған. Қызылша 3 пайызға өскен.
Өткен айда ет бағасы шамамен 1,5-2 пайызға қымбаттаған еді.
Министр, нарықта бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлердің үстінен арыз-шағымдардың қабылданып, жауапсыз қалмайтынын айтты.
Айта кетейік, тауар құнына қатысты арнайы зерттеуді Energyprom. Kz порталындағы әріптестеріміз әзірледі.
Өнім атауы 2019/06 2019/05 2018/06 айлық к/ш жылдық к/ш
Картоп 111,5 91,9 128,7 21,3% -1374%
Сәбіз 148,3 124,9 131,9 18,8% 1269%
Пияз 155,2 133,8 96,5 16,00% 60,8%
Қызылша 157,1 152,3 149,7 3,1% 4,9%
Қияр 269,3 374,5 316,5 -28,1% 14,9%
Қызанақ 459,4 652,0 395,4 -29,5% 16,2%