Қаңтар айында жер астына түсіп кеткен автобуста опат болған, «Майқайыңалтын» АҚ кенішінен үшінші құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құтқарушылар Айдос Шаймерденнің денесін бүгін, 19 шілдеде таңғы 06:00 шамасында, сұмдық апаттан алты ай өткен соң барып бір-ақ тапты.
Оның денесі түске қарай жер бетіне шығарылды. Содан кейін Екібастұзға сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Жедел автокөліктің 55 жастағы жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданының Майқайың кентінде «Майқайыңалтын» АҚ аумағында кеніш шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлаған. Автобуста кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізушісі болған. Автобус 150 метр тереңдікке құлағаны анықталды.
Оқи отырыңыз: Астанада рұқсат етілмеген 400-ден астам қоқыс орны анықталды