Мүгедектігі бар зейнеткерге жәрдемақы да төленуі тиіс – депутаттар

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz
Жамбыл Ахметбеков мүгедектік бойынша тағайындалған жәрдемақы зейнетке шыққан кезде тоқтатылмауы керек деді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қаралуы керек. Бұл түйткілді депутат Жамбыл Ахметбеков Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

 

Депутат мүгедектігі бар зейнеткерлер міндетті түрде зейнетақыны да, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны да алуы тиіс дейді. Құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері секілді мүмкіндігі шектеулі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуде осындай тәсіл қолданылуға тиіс деп есептейді депутат.  

«Неліктен зейнетақы жүйесін мүгедектігі бар адамдарға ерекше жағдай жасау үшін өзгертпеске? Адамдар жүйе үшін емес, жүйе адамдар үшін емес пе? Мүгедектігі бар адамдар физикалық тұрғыдан анықталған теңсіздіктен зардап шегеді, ал зейнетке шығу жасындағы жасанды теңдік – оларды қорлау және әділетсіздік. Неліктен мүгедектік бойынша тағайындалған жәрдемақы зейнетке шыққан кезде тоқтатылуы керек? Адамның жасы ұлғайған сайын денсаулығы жақсармайды және мүгедектігі жоғалып кетпейді», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков.

Ал депутат Айқын Коңыров азық-түлік бағасының көтерілуіне қатысты инфляция мәселесін көтерді. Оның айтуы бойынша, азық-түлік бағасының өсімі 2021 жылы 9,9%-ға жеткен. Халықтың тұтыну шығысының 56,7% -ы осы азық-түлікке тиесілі болады екен.  

«Қарапайым адамдар үшін маңызды азық-түліктің бағасы 2 таңбалы санмен есептеледі. Сондықтан бағаның өсуін тежеуді тек тактикалық тұрғыдағы жеңіс деп санауға болады. 2022 жылдың басында жаңа баға белгіленеді. 5-11 қаңтар аралығында Қазақстанда азық-түлік бағасы 0,2%-ға өсті. Қырыққабат 4,3%-ға, картоп 0,8-ға қарақұмық 0,4%-ға, сәбіз 0,2%-ға, күріш, қант және тұз 0,1%-ға қымбаттады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров.

Новости партнеров