Байқаудың мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және олардың назарын қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына аудару, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірлік деңгейдегі байқаудың ұйымдастырушылары партияның Алматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті.
Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. «Үздік қысқа мотивациялық бейне»
2. «Үздік сурет / плакат»
3. «Үздік журналистік зерттеу»
«Үздік сурет/плакат» және «Үздік қысқа мотивациялық бейне» конкурстарына қатысуға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, креативті студиялар және т.б.) жіберіледі. «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» байқауларына республикалық және жергілікті БАҚ журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығында оқитын студенттер қатыса алады.
Байқауларға қатысу үшін өтінімді толтыру жеткілікті. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалына тапсырылады.
Әр конкурста жеңіске жету үшін 300 000 теңге көлемінде жүлде қарастырылған. Екінші орын үшін – 200 000 теңге, үшінші орын үшін – 150 000 теңге.
Конкурс шарттарымен, өтінім беру және материалдарды ұсыну тәртібімен 8 (727) 279-88-49 байланыс телефоны арқылы танысуға болады. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы АҚФ партиялық бақылау комиссиясына төмендегі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 79 үй, 101 кабинет.