Сақ болыңыз: Алматы полициясы интернет-алаяқтықтың танымал түрін атады

elements.envato.com
elements.envato.com
Есіңізде болсын, құқық қорғау органдары мен банктер сізден транзакция жасауды сұрамайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының криминалдық полициясы интернет-алаяқтықтың танымал түрлері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1. Алаяқтар шотыңыздан жасалған күмәнді транзакциялар туралы хабардар етіп, шоттарды қорғау үшін шотыңыздан ақша аударымдарын жасауға көндіретін банктік қауіпсіздік қызметінен болжамды қоңыраулар.  

2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінен немесе басқа құқық қорғау органдарынан келіп түсетін қоңырау. Мұнда алаяқтар өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, қазіргі уақытта сіздің шотыңыздан транзакциялар жасап жатқан қауіпті алаяқты ұстау бойынша арнайы шара жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайды. Содан кейін қаскөйлер жәбірленушіні, оның шоттарынан қаражаттың жоғалуына әкеп соғатын әрекеттерді жасауға көндіреді.

3. Алаяқтар өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкері ретінде таныстырып, SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі бітіп жатқанын хабарлайтын қоңыраулар. Келісімшартты жаңарту үшін қоңырау шалушылар телефоныңызға жіберілетін SMS-кодтарын айтуды сұрайды.

4. Қаскөйлер айына 50 пайыздан астам кірістілікпен криптовалютаға, алтынға, акцияға тиімді инвестицияларды ұсынатын делдалдың қоңырауы. Алайда инвестицияны алғаннан кейін олар жәбірленушіні барлық әлеуметтік желі мен мессенджерде блоктайды.

5. Қолда жоқ өнімді немесе қызметті сату, яғни, әлеуметтік желілерде және интернет-платформаларда кез келген өнімді немесе қызметті сату туралы хабарландыру орналастыру (пәтер жалдау және т.б.). Толық немесе жартылай төлемді алғаннан кейін «жарнамалардың» авторы жоқ болып кетеді.

6. Қаскөйлер «WhatsАpp» мессенджерінде мемлекеттік органдардың немесе жеке ұйымдардың жоғары лауазымды басшысының атынан аккаунт ашатын, содан кейін ашық дереккөзден алған басшының суретін өздерінің авасына қойып, қол астындағыларға шұғыл түрде әртүрлі сылтаумен үшінші адамның әртүрлі шотқа ақша аудару керек екен3 туралы жазатын интернет-алаяқтық жағдайлары.

Осыған байланысты, Алматы полициясы қырағылық, сақтық пен қауіпсіздік шарасын күшейтуге шақырады.

1. Сізге банктер мен ұялы байланыс операторларынан келетін SMS-хабарламаны ешкімге айтпаңыз,

2. ешкімге жеке деректеріңізді, банктік шоттардан және карталардағы мәліметті жібермеңіз және жария етпеңіз,

3. банктік карталарыңызды үшінші адамға пайдалануға бермеңіз және кез келген сылтаумен өз атыңызға ақша аудартпаңыз,

4. Өнімді сатып алмас бұрын немесе онлайн қызметті пайдаланбас бұрын интернет-дүкендердің рейтингі мен пікірін тексеріңіз.

Маңызды!!! Есіңізде болсын, құқық қорғау органдары мен банктер сізден ешқашан транзакция жасауды немесе телефон арқылы жеке ақпаратыңызды сұрамайды.

Жоғарыда аталған барлық жағдайда сіз дереу әңгімені тоқтатып, бұл туралы банкіңізге және аумақтық ішкі істер органына хабарлауыңыз керек.

Новости партнеров