Әл-Фараби мен тағы екі көшеге сағатына 80 жылдамдық режимі қайтарылады

открытые источники
открытые источники
Биыл 15 қаңтарда Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автокөлік жолында орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа түскен болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді Әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Алматының Шығыс айналма тас жолы, әл-Фараби және Саин көшесіндегі сағатына 60 шақырымдық шектеу жойылды. Қалалық әкімдікке жүргізушілер тарапынан келіп түскен шағымдардан кейін осындай шешім қабылданған. Көлік сарапшылары бұл өзгеріст құптап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шығыс айналма жолы, Әл-Фараби даңғылы мен Сайын көшесіндегі жылдамдықтың өзгергеніе көлік тізгіншілері дән риза. Айтуларынша бұрын діттеген жерге ұзақ жететінбіз, оның үстіне кептелісте көп кідіріп қалатын. Таңғы уақытта қозғалу тіптен мұң болған. Көбісі, 60 деген жерден сағатына 40 немесе 30 шақырым жылдамдықпен жүреді. Салдарынан көп уақыт жолда кетеді дейді көбі. Әлеуметтік сауал нәтижесі бойынша жүргіншілердің дені сағатына 60 шақырым жылдамдықты қолдамайтын болып шықты.

«Айналма жол ғой, қанша дегенмен. Барар жеріңе тез жетейін десең, ешкім жол бермейді», – деді бір жүргізуші.

«60 ыңғайсыз өте. Көліктер асығып жүреді. Кейбіреулер алдыға тұрып алады. Жол бермейді», – деді тағы бірі.

«Жылдамдығын төмендеткелі бұл жолы айналма жол ретінде маңызын жоғалтты. Одан да орталық арқылы бара салған оңай», – деді  жүргізушілердің бірі.

Көлік саласының сарапшылары да жүргізушілермен келісіп отыр. Темір тұлпар жай жүргеннен керісінше ауа ластанады дегенді алға тартуда. Сонымен қатар, экономикаға кері әсерін тигізеді дейді. Маманның айтуынша, сағатына 60 шақырым жылдамдық қылып өзгерту – субьективті түрде қабылданған шешім. Өйткені нақты дәлелдер мен статистика жоқ. Сарапшының сөзіне сенсек, ол да мысалға келтірілген сандарды қараған екен. Айтарлықтай өзгерісті таппаған. Сондықтан аталған көшелерді транзиттік, айналма жол етіп салғаннан кейін ол өз міндетін тиісті атқару керек деген пікірде.  

«Әл-Фараби даңғылы мен Сайын көшесінде ұзақ жүретін болсақ, көліктен шығатын зиянды заттар да көп болады. Екінші мәселе қызмет көрсету уақыты да ұзарып кетті. Егер 5-7 минут ұзақ жүрсеңіз, ол экономикаға әсерін тигізеді. Егер адам қауіпсіздігіне келетін болсақ, ол жолдарда жер үсті өткелдері бар. Өз өміріне алаңдайтын адам арнайы жерден ғана өтеді», – деді Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард ЭДОКОВ.

Сарапшының айтуынша, аталған көшелер айналма болғандықтан, ол қаланы кептелістен арылту үшін салынған. Сонымен қатар, маман әлемдік тәжірибені де тілге тиек етті. Айтуынша, шетелде айналма жолдардан жүргінші кесіп өте алмайды. Тек жер үсті немесе жер асты өткелдерден ғана жүре алады. Бізге де аталған көшелерге адам кіре алмайтындай жағдай жасау керек деген ойда. Транзиттік магистраль – кез келген мегаполистке керек дүние. Онсыз транспорттық инфрақұрылымды жақсарту мүмкін емес дейді сарапшы. Сондықтан сағатына 80 шақырым жылдамдықты қайтарғаны өте дұрыс шешім екенін жеткізді маман.

Өмір Әнуарбек, Қанат Кигізбаев, Влад Шишко «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров