Қазақ тілін сүй, қатесіз жаз: 29 мамырда республикалық онлайн диктант өтеді

26.05.2021 в 21:50

Қатысушыларға мәтінді белгілі отандық мәдениет өкілдері оқиды

29 мамырда сағат 11:00-де республикалық онлайн диктант өтеді. «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты жоба биыл ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында арнайы ұйымдастырлғалы отыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Акцияға кез-келген қазақ тілінде диктант жазуға ниетті адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін «Тұран» университетінің ресми сайтында алдын-ала тіркелу қажет. Қатысушыларға мәтінді белгілі отандық мәдениет өкілдері оқиды. 

«Қазақ мектебі қазір қарқынды дамуда. Жоғарғы оқу орындарында 10 шақты өңірде қазақша білетін студенттердің саны 90 пайыздан асты. Қарасаңыздар барлық қызметтерде қазақ тілін білетін жастардың саны өсіп келе жатыр. Осыған байланысты деңгейді көтеру, диктант жазу мәдениетін көтеруге үлкен ықпал етеді деп ойлаймын», – деді «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов.